Орналасқан жеріңіз уақытқа емес, жүрген қашықтыққа қарай жаңартылады.
Android құрылғыларында дәлдікті арттыру үшін мына жерге өтіңіз:
- Параметрлер > (Google) > Орналасқан жер (қызметі) > барлық параметрді қосып, «Жоғары дәлдік» режимін таңдаңыз
Сондай-ақ ең дәл координаттарды алу үшін барлық пайдаланушының құрылғысы мына талаптарға сай болуы керек:
- Геолокация қызметін (GPS) үнемі қосулы ұстаңыз
- Қайсысына қосылғаныңызға қарамастан, Wi-Fi-ды да, мобильдік интернетті де қосыңыз
- Шексіз интернет болмаса, тарифіңізде интернет трафигі қалғанына көз жеткізіңіз
- Қуат үнемдеу режимін немесе Батареяны үнемдеу режимін өшіріңіз
- Қолданбаның фондық режимде үнемі жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етіңіз
Құрылғыңызға қарай орналасқан жердің дәлдігін жақсарту туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемелерден оқыңыз.
- iPhone: Дәлдікті қалай жақсартуға болады
- Android: Дәлдікті қалай жақсартуға болады
- Huawei: Дәлдікті қалай жақсартуға болады
- OPPO: Дәлдікті қалай жақсартуға болады
- Xiaomi: Дәлдікті қалай жақсартуға болады