Орынды баптасаңыз, топ мүшесі сол орынға келгенде немесе одан кеткенде хабарландыру аласыз.
Орын қосу
- Топ мүшелерінің тізімі көрсетілетін экраннан «Орындар» түймесін басыңыз.
- Орынды баптау үшін «Үй», «Мектеп», «Жұмыс» немесе «Жаңа орын қосу» тармағын басыңыз.
- Орынды таңдап, орын атауын енгізіңіз де, аймақтың радиусын орнатыңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Сақтау» түймесін басыңыз.
Орынды өзгерту
- Топ мүшелерінің тізімі көрсетілетін экраннан «Орындар» түймесін басыңыз.
- Өзгерткіңіз келетін орынды таңдаңыз.
- Орынды, орын атауын және аймақтың радиусын өзгерте аласыз.
- Сондай-ақ топ мүшесінің атының жанындағы ауыстырғыш арқылы белгілі бір топ мүшесінен хабарландыру алмауды таңдай аласыз. Яғни топ мүшесі үшін «Хабарландырулар алу» параметрін өшірсеңіз, сол топ мүшесінің бұл орынға келгені мен кеткені туралы басқа топ мүшелеріне хабарланбайды.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Сақтау» түймесін басыңыз.
Орынды жою
- Топ таңдағыштан басқарғыңыз келетін топты таңдаңыз.
- «Орындар» түймесін басыңыз.
- Төменгі жақтағы «Жою» түймесін басыңыз.
Орын параметрі бүкіл топқа қолданылатынын және топ үшін орын қосқанда немесе жойғанда мүшелерге де хабарланатынын ескеріңіз. Бірден көп орын баптау үшін аккаунтыңыз Premium қызметімізге жазылған болуы керек.